ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың домбырада орындау шеберлігін насихаттау мақсатында дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясын өткізу бойынша бастама көтеріп, білім беру ұйымдарына тапсырма жүктеді.
Аталған игі шараға Болат Хамзин атындағы өнер мектебі ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып, ұлттық өнерімізді дәріптеуге өз үлестерін қосты. Оқушылар қазақтың күйлерін жоғары деңгейде орындады.
Бұл акция жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, өнерге деген қызығушылығын дамытуға зор ықпал етті. Сонымен қатар, домбыра өнерін кеңінен насихаттап, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды
02 Сәу 2026
Жаңалықтар
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
