02 Сәу 2026
Жаңалықтар

“Самғау” театры – жеңіс тұғырында

“Самғау” театры – жеңіс тұғырында Облыстық “Армандастар” шығармашылық байқауы биыл да талантты жастардың басын қосып, өнердің әр саласындағы үздіктерді анықтады. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жас дарындардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, олардың сахналық шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік береді. Аталған додада Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің “Самғау” театр ұжымы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, II орынға ие болды. Театр әртістері сахнада терең мазмұнды қойылым ұсынып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кейіпкерлердің бейнесін шынайы жеткізе білген ұжым мүшелері өздерінің кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қойылым барысында актерлердің үйлесімді ойыны, сахналық мәдениеті мен эмоциялық әсері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Бұл – ұжымның тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Осы орайда ұжым жетекшісі Алмас Нұрланұлына ерекше алғыс айту керек. Ол тек ұжымды басқарғанымен шектелмей, “Тазалық сақшылары” қойылымын өзі жазып, сахналық тұжырымдамасын жасап шықты. Бұл қойылым Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылған “Таза Қазақстан” акциясын дәріптейді. Алмас Нұрланұлының кәсіби біліктілігі мен шығармашылық көзқарасы жас өнерпаздардың талпынысына зор демеу болды. Осындай жеңістер жас өнерпаздарды жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіреді. “Самғау” театры алдағы уақытта да өнер көгінде биікке самғай беретініне сеніміміз мол

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар