Б. Хамзин атындағы өнер мектебі «Таза Қазақстан - таза ауыл» акциясы аясында ауыл тұрғындарына арналған ерекше көңілді кеш ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты - ауылымыздың тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға шақыру, сондай-ақ тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Кеш барысында өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары ән шырқап, би билеп, түрлі ойындар өткізді. Ойынға қатысқан көрермендерге сыйлықтар табысталып, бұл жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.
Кеш соңында ұйымдастырушылар барша қатысушыларға алғысын білдіріп, «Таза ауыл - таза болашақ» қағидасын ұстанып, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуға шақырды.

