«Қиял мен қимыл» атты шығармашылық кеш өтті
Бүгін Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Үлгілі «Еркеназ»би ансамблі мен Үлгілі «Сиқырлы театр» ұжымының «Қиял мен қимыл» атты есеп беру кеші жоғары деңгейде өтті.
2024 жылғы 25 желтоқсандағы №624-НҚ бұйрыққа сәйкес, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан қос ұжымға «Үлгілі»атағы ресми түрде берілген болатын. Осы атақ - ұжымдардың көп жылғы еңбегі мен шығармашылық ізденістерінің жемісі.
Кеш соңында Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанқанқызы құттықтау сөз сөйлеп, қос ұжым жетекшілеріне «Аудан әкімінің Алғыс хаттарын», ал қатысушы балалар мен олардың ата-аналарына «мәдениет бөлімінің Алғыс хаттарын» табыстады.
Бұл кеш - жас өнерпаздардың шеберлігін шыңдаған, өнерге деген махаббаттарын ұштаған тамаша рухани мереке болды.
Өнер - тәрбие бастауы, рухани дамудың қайнары!
https://b-khamzin-shi.bb-dzhangeldi.edu.kz/zh-lykt-r/9684-iyal-men-imyl-atty-shy-armashyly-kesh-tti.html#sigFreeIdb250beca18

