08 Сәу 2026
Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы

Наурызнама аясында «Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы» атты тағылымдық сағат өтті. Іс-шараны домбыра бөлімінің ұстазы Кемелбаева М. өткізді.

Шара барысында оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің шығу тарихы, олардың ерекшеліктері мен маңызы туралы кеңінен мәлімет берілді. Камзол, сәукеле, шапан, тақия сияқты ұлттық киім түрлері таныстырылып, олардың тәрбиелік мәні түсіндірілді.

Сонымен қатар бөлім оқушылары қазақтың ұлттық күйлерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгелдина қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұлықтайтын мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы зор.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар