08 Сәу 2026
Жаңалықтар

Қайырымдылық күні

Қайырымдылық күні

Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Қайырымдылық күні – қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттайтын маңызды күндердің бірі. Осы күнге орай Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы игі бастама көтеріп, бір отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Мектеп қызметкерлері бірігіп, отбасыға қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттарды табыстап, өз қолдауларын білдірді. Бұл шара адамдар арасындағы қамқорлық пен жанашырлықтың маңызын көрсетіп, қайырымдылық жасаудың әр адам үшін маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осындай игі істер арқылы қоғамда бірлік пен мейірімділік нығая түседі. Өнер мектебінің ұжымы алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына белсенді қатысып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар