8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жоспарға сәйкес мектебімізде ерлер ұжымы мен ер бала оқушылардың ұйымдастыруымен «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараның басты мақсаты – мектептегі аяулы ұстаздар мен қызметкер әйелдерді құрметтеп, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.
Кеш барысында оқушылар мен ұстаздар ән айтып, күй орындап, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды. Әсем ән мен көңілді ойындар мерекелік кештің сәнін келтіріп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Шара барысында кәсіподақ ұйымы атынан әйелдер ұжымына арнайы сертификаттар табысталып, оларға ізгі тілектер айтылды.
Мерекелік кеш жылы лебіздерге, көтеріңкі көңіл күйге толы болып, барша қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлады.

