Құрметті аяулы аналар, ардақты апалар, сүйікті әпке-қарындастар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – отбасының берекесі, өмірдің сәні, мейірім мен махаббаттың шуағысыздар. Әр шаңыраққа жылулық сыйлап, айналаңызға қуаныш пен бақыт таратасыздар.
Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын! Көктемнің әр күні сіздерге шаттық пен бақыт сыйласын!
Мектебіміздің бейнелеу өнері бөлімінің мұғалімдері Ғаюпова Ақерке мен Сайлаубай Салтанат мереке қарсаңында тәттілермен құттықтау жасап мерекелік көңіл-күй сыйлады

