Мектеп ұстаздары мен оқушылар арасында «Ұлы даланың ұлттық ойындары» атты сайыс өтті. Бұл шара Наурызнама аясында ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Сайыстың домбыра бөлімін мұғалімдер Әлибаева А. мен Қабден А. Ұйымдастырды.
Сонымен қатар, сайыс барысында «Бес асық», «Асық ату», «Қол тірес», «Арқан тарту» секілді ұлттық ойын түрлері қамтылып, оқушылар өз ептілігі мен күш-жігерін сынады.
Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды кеш ретінде өтті.

