15 Сәу 2026
Жаңалықтар

Облыстық «Көктем әуені» байқауында жас өнерпаздар жетістікке жетті

Кеше және бүгін өткен облыстық «Көктем әуені» байқауында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Байқау жас таланттардың шығармашылығын шыңдап, олардың сахнада еркін өнер көрсетуіне үлкен мүмкіндік берді.
Аталған байқауда вокал бөлімінің оқушысы Төлеу Дінзухра (жетекшісі Нұрлан Алмас) ерекше өнер көрсетіп, «Вокалдық өнер» номинациясының иегері атанды. Оның орындау шеберлігі мен әсем дауысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Сонымен қатар, домбыра бөлімінде Кемелбаева Мейрамкүл жетекшілік ететін оқушылар да табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, Сәбитбек Зейнеп ІІ орынға ие болса, Сайлау Гүлдана ІІІ орын иеленді.
Бұл жетістіктер - оқушылардың еңбегі мен жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Жас өнерпаздарға алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар