14 Мамыр 2026
Жаңалықтар

«Мәңгілік даңқ»: Өнерлі өрендердің жеңісі

Ұлы Жеңіс күніне орай Жангелдин ауданы Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұйымдастыруымен айтулы шара өтті. «Мәңгілік даңқ» атты аудандық бейнелеу және қолөнер көрме-байқауы батыр бабалар ерлігін ұлықтау мен жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатын көздеді.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, майданда қаза тапқан боздақтар мен арамыздан кеткен ардагерлердің рухына тағзым ету мақсатында бір минуттық үнсіздікпен жалғасты. Байқау екі негізгі бағыт бойынша өтті: бейнелеу өнері және қолөнер.
Әділқазылар алқасының құрамында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдіскері Р.А. Жаппарова, Б. Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстаздары Г.Б. Досмағанбетова мен А. М. Гаюпова төрелік етті. Олар жұмыстарды тақырыптың ашылуы, шығармашылық ерекшелік, ұқыптылық және идеяның жаңашылдығы бойынша бағалады.
Қызу тартыс пен шығармашылық ізденістің нәтижесінде келесі оқушылар үздік деп танылды:
«Қолөнер» номинациясы бойынша:
• 1-орын: Жанат Айым (Жармағамбетов мектебі)
• 2-орын: Есімхан Нұрбек (Ы. Алтынсарин мектебі)
• 3-орын: Серік Айша (Дулатов мектебі)
«Сурет»

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар