29 Қаз 2026
Жаңалықтар

«Мектепке жол» – қайырымдылық пен қамқорлықтың көрінісі

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы аясында игі істер жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты – оқушыларға қолдау көрсетіп, олардың жаңа оқу жылына алаңсыз дайындалуына жағдай жасау.
Осы қайырымдылық шарасына Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы да өз үлесін қосты. Мектеп ұжымы Топаев жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Таңатхан Сезім Ершатқызына ақшалай көмек көрсетті.
Бұл бастама – ұжымның жас ұрпаққа деген жанашырлығы мен қамқорлығының жарқын үлгісі. Көрсетілген қолдау оқушының жаңа оқу жылына қажеттіліктерін өтеуге септігін тигізіп, білім алуға деген ынтасына оң ықпал етеді.
«Мектепке жол» акциясы – мейірімділік пен бірлікті насихаттайтын маңызды әлеуметтік бастама. Осындай игі істердің жалғасын табуы – қоғамдағы өзара қолдау мен адамгершілік құндылықтардың берік екенін көрсетеді.
Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы әр баланың білім алып, жарқын болашаққа қадам басуына өз үлесін қоса бермек.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар