29 Қаз 2026
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» аясында көңілді кеш өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастама аясында Жеңіс алаңында көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ерекше кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға өнер мектебінің ұжымы, кәсіпкерлер және Кірістер басқармасының қызметкерлері белсене қатысып, бірлескен мәдени-көпшілік шара өткізді.
Кеш барысында өнер мектебінің ұстаздары мен өнерпаздары ән айтып, би билеп, күмбірлеген күймен көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар қатысушылар арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенділік танытқан жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Бірлік пен ынтымақты арттырып, тұрғындарға жақсы көңіл-күй сыйлаған бұл кеш барша қатысушылар үшін есте қаларлықтай әсерлі өтті.
Тазалық – ортақ міндет, ал жақсы көңіл-күй мен бірлік – елдіктің көрінісі!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар