29 Қаз 2026
Жаңалықтар

Қарттар – қазынамыз, ардагер ұстаз – мақтанышымыз

Қарттар күніне орай мектебімізде мәдениет пен өнер саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ардагер ұстаз, хореограф Жанат Әбдісалыққызымен тағылымды кездесу кеші өтті.
Кездесудің басты мақсаты – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға арнаған ардагер ұстазға құрмет көрсету, оның өнегелі өмір жолы мен шығармашылық еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету.
Кеш барысында мектеп директоры Бибігүл Қамиқызы сөз сөйлеп, ардагер ұстазға жүрекжарды тілегін білдірді. Оқушылар өнер көрсетіп, би билеп, ән шырқап, домбырамен күйлер орындап, Жанат Әбдісалыққызына өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.
Кәсіподақ атынан ардагер ұстазға арнайы сый-сияпат табысталып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, ізгі ниет пен ақжарма тілектерге толы жылы жүздесу жалғасын тапты.
Жанат Әбдісалыққызының өнер мен білім саласындағы еңбегі – кейінгі ұрпаққа қалдырған баға жетпес өнегесі. Ұстаз еңбегінің қадірі шәкірттерінің жүрегінде сақталатыны сөзсіз.
Қариясы бар ел – қазыналы ел.
Ардагерлерімізге құрмет көрсету – ұрпақ парызы!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар