29 Қаз 2026
Жаңалықтар

Ұстаз ұлағаты- ұрпаққа аманат

Ұстаздар күніне орай Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен аудандық мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеш ұстаз еңбегін дәріптеуге, ұстаз бен шәкірт арасындағы сабақтастықты көрсетуге және білім мен өнердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындауға арналды.
Концерттің шымылдығы ерекше әсерлі хореографиялық композициямен ашылды. Қараңғылықты жарып шыққан ұстаз қолындағы шырақты шәкіртіне табыстап, сахна нұрға бөленді. Бұл көрініс ұстаздың шәкірт жүрегіне білімнің жарығын жағып, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға екенін бейнеледі.
Мерекелік бағдарлама барысында вокалдық топтың «Егемен Қазақстан» әні, қыздар тобының «Ұстазға алғыс» шығармасы, домбырашылар мен қобызшылар ансамбльдерінің орындаулары, жас ұстаздар дуэті күй тартысы, «Еркеназ» үлгілі би ансамблінің өнері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсіресе ұстаздардың өз шәкірттерімен бірге сахна төріне шығып, өнер көрсетуі кештің ерекше әсерлі сәтіне айналды.
Кеш соңында вокал бөлімінің мұғалімдері «Ұстазым» әні шырқап, мерекелік концерт әсерлі қорытындыланды.
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне жол көрсететін ұлы тұлға. Бұл мереке

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар