30 Қаз 2026
Жаңалықтар

Жас маман – жаңашылдық пен шығармашылықтың жаршысы

Болат Хамзин атындағы өнер мектебінде жас педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыруға, шығармашылық ізденісін қолдауға және жаңашылдыққа ұмтылысын дамытуға бағытталған «Жас маман – 2026» мектепішілік кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.
Бұл байқау – жас ұстаздардың өз мүмкіндіктерін танытып, кәсіби білімін тәжірибемен ұштастырып, тың идеяларын ортаға салуына мүмкіндік берген ерекше алаң.
Байқауға домбыра бөлімінің мұғалімдері Қабден Аңсаған Еркешұлы мен Тұрай Гүлжаз Бахытқызы, теория пәнінің мұғалімі Тұрай Гүлназ Бахытқызы және бейнелеу өнері бөлімінің мұғалімі Сайлаубай Салтанат Еркінқызы қатысты.
Шараның ашылуында Жангелдин ауданының білім бөлімінің әдіскері Шукирова Айгүл Жақановна жас мамандарға ақжарма тілегін арнап, шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
Кәсіби дода барысында қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынады. «Менің кәсіби ұстанымым» кезеңінде өздерінің педагогикалық көзқарастары мен ұстаздық бағыттарын таныстырса, «Шеберлік шыңы» кезеңінде сабақ беру әдістері мен кәсіби тәжірибелерін көрсетті. «Шабыт» кезеңі жас педагогтардың өнері мен шығармашылық қырларын ашуға мүмкіндік берді. Ал «Ситуаци»

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар