Қостанай облысында өткен «Болашақ» облыстық хореографиялық байқауында 11–13 жас санаты бойынша «Нұршуақ» би ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды!
Бұл – жас бишілеріміздің таланты мен еңбегінің, жетекшісі Ерік Сымбат Таңатқанқызының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз ізденісінің жемісі.
Жас өнерпаздарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым биік белестерді бағындырып, өнерлеріңізбен көрерменді тәнті етіп, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!
Өнерлеріңіз өрге жүзсін, алар асуларыңыз көп болсын!


