2026–2027 оқу жылының қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің № 514 бұйрығына сәйкес, «Дарындар әлемі» республикалық зияткерлік білім беру орталығы ұйымдастырған «Жас музыканттардың – балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық фестиваль-конкурсына» қатысқан Томирис «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болды.
Жас өнерпаз Рүстемқызы Томириске алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өнер жолында талмай ізденіп, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз! Ұстазы Бибігүл Берікқызына шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Өнерлі ұрпақ – ел мақтанышы! Жас таланттардың жарқын жетістіктері көбейе берсін!


