Жангелдин ауданы білім бөлімінің Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің бейнелеу өнері бөлімінің ұстазы Досмағанбетова Гүлмирам Бақытовна білім беру саласындағы табысты еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі үшін Жангелдин ауданы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат – ұстаздың өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігінің, шәкірттер шығармашылығын дамыту жолындағы еңбегінің лайықты бағасы.
Өнер мен білім жолында талмай еңбек етіп, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап жүрген әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жетістік, шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруын тілейміз!
Марапатыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің ұжымы.
30 Қаз 2026
Жаңалықтар
Бейнелеу өнері бөлімінің ұстазы құрмет грамотасымен марапатталды

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
