Болат Хамзин атындағы өнер мектебінде «Кітап – рухани қазына» атты танымдық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараны мектеп кітапханашысы Сейдахметова Рашида Бөлегенқызы өткізді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар кітап туралы жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып, жаңылтпаштар оқудан өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынады. Түрлі қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, тапқырлықтары мен ойлау қабілеттері шыңдалды.
Шара соңында белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.
Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың сарқылмас бұлағы. Кітапты құрметтеп, оны серік еткен ұрпақтың ой-өрісі кеңейіп, танымы тереңдей түседі. Осындай тағылымды шаралар оқушыларды кітап оқуға баулып, білімге деген құштарлығын арттыра түседі.
30 Қаз 2026
Жаңалықтар
«Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағаты өтті

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
