02 Қар 2026
Жаңалықтар

Өнер әлеміне қош келдің, жас талант!

«Өнер әлеміне қош келдің, жас талант!» атты жас өнерпаздарды өнер мектебіне қабылдау салтанаты өтті
Болашақтың жарқын үміті – өнерлі ұрпақ. Өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, жас таланттардың шығармашылық қабілетін шыңдау – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Болат Хамзин атындағы өнер мектебінде музыка, би және бейнелеу өнеріне қызығушылық танытқан жас өрендерді өнер ордасына қабылдауға арналған «Өнер әлеміне қош келдің, жас талант!» атты салтанатты мерекелік жиын өтті.
Шараның басты мақсаты – өнерге алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге қолдау көрсету, олардың бойындағы қабілетті дамытуға ынталандыру және өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Мерекелік жиынның шымылдығы көтеріліп, жүргізушілер жас таланттарды шығармашылық әлемге жетелейтін өнер жолының маңыздылығына тоқталды. Жас өнерпаздардың орындауындағы әсем ән көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Салтанатты жиында өнер мектебінің директоры Сұлтанова Бибігүл Қамиқызы жас талапкерлерді құттықтап, оларға ақ жол, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.
Кеш барысында өнердің сан түрлі бағыттары көрініс тапты. Домбырашылардың күмбірлеген күйі мен қобызшылардың әсем әуені ұлттық өнеріміздің қад

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар