09 Қар 2026
Жаңалықтар

ӨНЕР МЕКТЕБІНДЕ ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Мектебімізде «Өнер мектебі мен ата-ана ынтымақтастығы – сапалы тәрбиенің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Жиналысты мектеп директоры ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықтың бала тәрбиесі мен шығармашылық дамудағы маңыздылығына тоқталды.

Жиналыстың алғашқы бөлімінде ата-аналар комитетінің құрамы сайланып, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, алдағы бірлескен жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Жиын барысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгельдина Г.К. баяндама жасап, мектепте тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға, жылдық жоспар аясындағы іс-шараларға және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Ал оқу ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Б.Б. оқу үдерісі, білім сапасы және оқушылардың шығармашылық жетістіктері туралы мәлімдеме жасады.

Жиналыстың ерекше әрі қызықты бөлігін қобыз бөлімінің ұстазы Кемелтаева Ж. ұйымдастырды. Ол ата-аналармен түрлі танымдық ойындар мен қызықты тренингтер өткізіп, қатысушылардың белсенділігі

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар